28.02.2011, 17:53 7235

1-ші наурыз күні Қазақстан мен Ресейдің Ауыл шаруашылығы министрліктерінің бірлескен алқа мәжілісі өтеді

Орал қаласында 1-ші наурыз күні Қазақстан мен Ресейдің Ауыл шаруашылығы министрліктерінің бірлескен алқа мәжілісі өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 28 - ақпан. Kazakhstan Today - Орал қаласында 1-ші наурыз күні Қазақстан мен Ресейдің Ауыл шаруашылығы министрліктерінің бірлескен алқа мәжілісі өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz. агенттігінің хабарлауынша, Алқа мәжілісіне ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеев, Батыс Қазақстан облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов, Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев қатысады деп күтілуде.

Ресей Федерациясы тарапынан РФ үкімет басшысының орынбасары Игорь Шувалов, Орынбор облысының губернаторы Юрий Берг, РФ Ауыл шаруашылығы министрі Елена Скрынник қатысады деп күтілуде.

Алқа жұмысы аясында қатысушылар бірқатар нысандарды аралайды. Атап айтқанда, 8 640 бас ірі қараға арналған "Сrown Батыс" ЖШС-ы мал бордақылау кешенінің жұмысымен танысады. Соған қоса, бағдарламада өсімдік майын өндіретін "Батыс Күнбағыс" АҚ, "Жайық ет" ЖШС-на сапар жоспарланған.

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан агро-техникалық университетінде агро өнеркәсіптік кешен жобасы таныстырылып, облыстық өңдеу өнеркәсіптері өнімдерінің көрмесі өтеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны