22.01.2008, 16:17 3089

2006-2007 жылдары "Самұрық" холдингісінің құрамындағы ұлттық компаниялар 5 млрд АҚШ доллары сомасында салық төлеген

2006-2007 жылдары "Самұрық" холдингісінің құрамындағы ұлттық компаниялар 5 млрд АҚШ доллары сомасында салық төлеген

Алматы. 22-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - 2006-2007 жылдары "Самұрық" холдингісінің құрамындағы ұлттық компаниялар 5 млрд АҚШ доллары сомасында салық төлеген. Бұл туралы ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа "Қазақстанның мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі "Самұрық" холдингі" АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Ричард Эванс мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ҚР президентінің сайтына сілтеме жасай отырып.

Сайтта хабарланғандай, Р. Эванс "Самұрық" холдингісінің өткен жылы істеген жұмыстарының қорытындысы жөнінде есеп берген.

Р. Эванстың айтуынша, өткен жылдың алғашқы жартысында корпоративті басқарудың заманауи стандарттары енгізілген. Ол Лондон биржасында "Самұрық" рейтингісін көтеруге ықпал еткен. 2007 жылдың екінші жартысы "ҚазМұнайГаз" ұлттық мұнай-газ компаниясының қызметіне, және де таяуда табысты шешімін тапқан Қашаған кен орнының мәселелеріне арналды.

"Былтырғы жылдың түпкілікті қаржылық қорытындысы бізге толық аудит аяқталғаннан кейін мәлім болады. 2006-2007 жылдары "Самұрық" холдингінің құрамына кіретін ұлттық компаниялар 5 миллиард доллар көлемінде салық төлегенін атап өткім келеді. Бүгінде алдымызда айналымды арттыра түсу міндеті тұр, және болашақта біз мемлекетке бұдан көп кіріс әкелеміз деп үміттенемін, - Р.Эванс журналистерге арналған брифингте.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі" акционерлік қоғамы басшылығының алдына 2008 жылға арналған бірқатар жаңа міндеттер қойды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны