01.08.2006, 11:30 2959

2006 жылдың шілдесінде Қазақстан Республикасындағы инфляция 0,2% болды

АЛМАТЫ. 1-тамыз. Kazakhstan Today. 2006 жылдың шілдесінде Қазақстан Республикасындағы инфляция 0,2%, ал жыл басынан бері 5,1 процент болды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР статистика жөніндегі агенттігінен хабарлады.

Азық-түлік тауарлары рыногында өткен айда жұмыртқаның бағасы - 4,6%-ға, қанттың бағасы - 2,5%-ға, жемістер мен көкөністердің бағасы - 1,7%-ға, сүт өнімдерінің бағасы - 0,5%-ға, май мен тоң майдың бағасы - 0,4%-ға төмендеді. Бағаның өсуі нан өнімдері мен жарма өнімдеріне, ет және ет өнімдеріне - 0,2%-дан, минералды су және алкогольсіз сусындарға - 0,3% құрады.

Азық-түлік емес тауарлар ішінде жанармайдың бағасы бойынша ең жоғары өсім - 6,5% байқалды. Құрылыс материалдарының бағасы 0,9%-ға, киім және аяқ киімнің, үй тұрмысында пайдаланылатын заттардың, жеке тазалық тауарларының бағасы - 0,4%, медициналық препараттардың бағасы - 0,1%-ға өсті.

Жолаушылар көлігінің қызметтеріне ақы төлеу - 2%-ға, білім беру және мәдениет мекемелерінің қызметтеріне - 0,6%-дан, денсаулық сақтау мекемелерінің қызметтеріне - 0,5%-ға өсті. Тұрғын-үй коммуналдық қызметтер 0,2%-ға қымбаттады. Қоқыс жинау тарифтері 3,4%-ға, газ тарифтері - 0,6%-ға, сумен жабдықтау тарифтері - 0,3%-ға, электр энергиясының тарифтері 0,1%-ға өсті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны