03.01.2007, 14:50 2835

2006 жылдың желтоқсанында Қазақстан Республикасындағы инфляция 0,9% құрады

АСТАНА. 3-қаңтар. Kazakhstan Today. 2006 жылдың желтоқсанында Қазақстан Республикасындағы инфляция 0,9% құрады. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігіне ҚР статистика жөніндегі агенттігінен хабарлады.

Азық-түлік тауарлары рыногында өткен айда жұмыртқаның бағасы 6,6%-ға, жеміс-көкөніс өнімдерінің бағасы - 6%-ға өсті. Сүт өнімдерінің бағасы 2,6%-ға өсті (жаңа сауылған сүт - 4,3%-ға, ашыған сүт өнімдері -2,1%-ға , ірімшік мен сүзбе - 1,4%-ға, сары май - 1%- ға). Балык бағасының өсімі - 1%, ет және ет өнімдерінің бағасының өсімі - 0,5%, нан мен жарма өнімдерінің бағасының өсімі 0,4% құрады. Қант бағасының деңгейі 1%-ға төмендеді.

Азық-түлік емес тауарлар тобында киім және аяқкиімнің бағасы 0,9%-ға, жеке гигиена тауарларынің бағасы 0,5%-ға, кітаптар мен газеттердің бағасы - 0,4%-ға өсті. Құрылыс материалдарының және үй тұрмысында пайдаланылатын заттар бағасының өсімі - 0,3%-дан және аудиовизуалдық жабдық бағасының өсімі 0,1%-дан құрады. Көмір мен дизель отыны бағасының деңгейі 1,5%-дан өсті. Бензин 2,2%-ға арзандады.

Ақылы қызметтер саласында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметтерінің бағасы 1%-ға, ал электрэнергияның бағасы 2,6%-ға өсті. Орталықтан жылыту жүйесі, газ және ыстық сумен жабдықтау тарифтері 0,7-0,9%-ға өсті. Жолаушылар көлігінде жол жүру ақысы және денсаулық сақтау мекемелерінің қызметтері - 0,7%-дан, білім беру және мәдениет қызметтері 0,2%-дан қымбаттады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны