16.08.2006, 17:26 2926

2006 жылғы маусымда банктердің кредиттері бойынша негізгі борыш 4,5%-ке, ағымдағы жылдың басынан бері 20,2%-ке ұлғайды

АЛМАТЫ. 16-тамыз. Kazakhstan Todaу. Банктердің экономикаға кредиттері бойынша негізгі борыштың жалпы көлемі 2006 жылғы маусымда 2006 жылғы мамырмен салыстырғанда 3116,2 млрд. теңгеге дейін 4,5% (ағымдағы жылдың басынан бері 20,2%) ұлғайды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.

Шетел валютасындағы кредиттермен салыстырғанда ұлттық валютадағы кредиттердің өсуінің асып кету қарқыны байқалады. Ұлттық валютадағы кредиттер бір айда 1608,1 млрд. теңгеге дейін 6%, ал шетел валютасындағы кредиттер 1508,0 млрд. теңгеге дейін 2,9% ұлғайды. Нәтижесінде теңгедегі кредиттердің үлес салмағы 2006 жылғы мамырмен салыстырғанда 50,9%-дан 51,6%-ға көтерілді.

Сондай-ақ қысқа мерзімді кредиттермен салыстырғанда ұзақ мерзімді кредиттердің өсуінің асып кету қарқыны байқалады. Ұзақ мерзімді кредиттер 2241,0 млрд. теңгеге дейін 5%, ал қысқа мерзімді кредиттер 875,2 млрд. теңгеге дейін 3,1% өсті. Нәтижесінде ұзақ мерзімді кредиттер 71,5%-дан 71,9%-ға көтерілді.

Жеке тұлғаларға кредиттер маусым айында 2180,7 млрд.теңгеге дейін 2,9%, ал жеке тұлғаларға кредиттер 935,5 млрд.теңгеге дейін 8,4% ұлғайды. Нәтижесінде жеке тұлғаларға кредиттердің үлес салмағы 28,9%-дан 30%-ға көтерілді.

Сыйақы ставкаларының маусымда әртүрлі бағыттағы динамикасы болды. 2006 жылғы мамырмен салыстырғанда маусымда жеке тұлғаларға ұлттық валютамен берілген кредиттер бойынша орташа алынған сыйақы ставкасы 19,0%-дан 19,8%-ға өсті, ал заңды тұлғаларға берілген кредиттер бойынша 13,5%-дан 13,4%-ға азайды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны