16.08.2006, 17:31 2955

2006 жылғы маусымда резиденттердің банк жүйесіндегі депозиттерінің жалпы көлемі 7,1%-ке, ал ағымдағы жылдың басынан бері 30,3%-ке ұлғайды

АЛМАТЫ. 16-тамыз. Kazakhstan Today. Резиденттердің банк жүйесіндегі депозиттерінің жалпы көлемі 2006 жылғы маусымда 2006 жылғы мамырмен салыстырғанда 2154,1 млрд. теңгеге дейін 7,1% (ағымдағы жылдың басынан бері 30,3%) ұлғайды. Заңды тұлғалардың депозиттері 1414,0 млрд. теңгеге дейін 8,2%, жеке тұлғалардың депозиттері 740,0 млрд. теңгеге дейін 5,2% ұлғайды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметінен хабарлады.

2006 жылғы маусымда ұлттық валютадағы депозиттер 1423,3 млрд. теңгеге дейін 8,8%, шетел валютасындағы депозиттер 730,8 млрд. теңгеге дейін 4% ұлғайды. Нәтижесінде теңгедегі депозиттердің үлес салмағы 65%-дан 66,1%-ға ұлғайды.

Халықтың (резидент еместерді қоса алғанда) банктердегі салымдары бір айда 749,4 млрд. теңгеге дейін 5,3% ұлғайды. 2006 жылғы маусымда халықтың салымдары құрылымындағы теңгедегі депозиттер 499,2 млрд. теңгеге дейін 9,8% өсті, ал шетел валютасындағы депозиттер 250,2 млрд. теңгеге дейін 2,6% қысқарды. Нәтижесінде теңгедегі депозиттердің үлес салмағы 63,9%-дан 66,6%-ға көтерілді.

Банктердің депозиттері бойынша ставкалар динамикасы мынадай өзгерістермен сипатталды. 2006 жылғы маусымда банктік емес заңды тұлғалардың теңгедегі мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы ставкасы 3,8% (2006 жылғы мамырда - 4,1%), ал жеке тұлғалардың депозиттері бойынша 9,4% (9,9%) болды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны