16.08.2006, 17:21 3324

2006 жылғы шілдедегі инфляция 0,2% болды

АЛМАТЫ. 16-тамыз Kazakhstan Today. Қазақстан Республикасының статистика агенттігінің ресми деректері бойынша 2006 жылғы шілдедегі инфляция 0,2% болды (2006 жылғы маусымда - 0,3%). Азық-түлік тауарларының бағасы 0,4% төмендеді, азық-түлікке жатпайтын тауарлардың бағасы 0,9%, ақылы қызмет көрсету 0,5% қымбаттады. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкі хабарлады.

2006 жылғы шілдеде азық-түлік тауарларының ішінде жұмыртқа 4,6%, қант 2,5%, жеміс-көкөніс өнімдері 1,7%, май және тоң май 0,4%, балық және теңіз өнімдері 0,2% арзан болды. Жарма бағасының 0,9%, күріш бағасының 0,7%, ет және ет өнімдері бағасының 0,2% өсуі тіркелді.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар тобында бензин бағасының 6,5% біршама өсуі байқалды. Сонымен қатар киім мен аяқ киім, тұрмыстық заттар, баспа басылымдары, жеке гигиена тауарлары әрқайсыcы - 0,4% қымбаттады.

Халыққа ақылы қызмет көрсету ішінде көлік қызметі 2006 жылғы шілдеде 2,0%, мәдениет және білім беру мекемелерінің қызметтері әрқайсысы - 0,6%, медициналық қызмет көрсету 0,5% қымбаттады. Тұрғын үй-коммуналдық қызмет көрсету тарифтері 0,3% ұлғайды. Бұл ретте қоқыс жинау бойынша қызмет көрсету 3,4%, газбен қамтамасыз ету 0,6%, сумен қамтамасыз ету 0,4%, электр энергиясы 0,1% қымбаттады.

2006 жылдың басынан бері тұтыну нарығындағы бағаның өсу 5,1% болды (2005 жылғы қаңтар-шілде аралығында - 4,0%). Азық-түлік тауарларының бағасы 5,0% (4,7%), азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасы 3,4% (2,5%), халыққа ақылы қызмет көрсету бағасы 7,0% (4,0%) өсті.

2006 жылғы шілдеде инфляция жылдық көрсетумен 8,7% болды (2005 жылғы желтоқсанда - 7,5%), азық-түлік тауарлары 8,4%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 6,8%, ақылы қызмет көрсету 11,1% қымбаттады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны