01.12.2006, 16:29 2813

2006 жылы қарашада ҚР инфляция 0,8% , жыл басынан бері 7,5% құрады

АЛМАТЫ. 1 желтоқсан. Kazakhstan Today. Қазақстанда 2006 жылы қараша айында инфляция 0,8% , жыл басынан бері 7,5% құрады. Бұл жөнінде Kazakhstan Today агенттігіне ҚР статистика жөніндегі Агенттіктен хабарлады.

Мемлекеттік статистикалық агенттіктің мәліметінше, азық-түлік тауарлар нарығында өткен айда жұмыртқаның бағасы 4,6% , көкөніс пен жеміс жидектің бағасы 4,3% өскен.

Сүт тағамдарының бағасы 2,5% өскен (сүт-4%, айран -өнімдерінің бағасы -2,5%, сүзбе және ірімшік-1,2% қымбаттғана ) Балық және теңіз өнімдерінің бағасы- 1,3%, ет-0,4% , малдың майы 1% өскен. Нан өнімдері мен жарма өнімдері 0,8%, нан-1,4%, жарма-0,9%,күріш-0,2% қымбаттаған. Қанттың бағасы 1% төмендеді.

Киім-кешектің және аяқ киімнің бағасы 1,1%, тұрмысқа қажетті заттар -0,6%, баспа өнімдері -0,4% қымбаттаған. Құрылыс материалдары, аудиовизуалды жабдықтар және жеке бастың тазалығына қажетті тауарлардың бағасы 0,3% көтерілді. Көмір -3,2%,жанар-жағар май -2,6% қымбаттаған. Жанармай 0,9% арзандапты.

Қараша айында ақылы қызмет көрсету саласында тұрғын үй және коммуналдық қызметтер құны -0,6% , қоқыс шығару қызметі - 2,9%, ыстық су - 0,7%, орталық жылу беру - 0,6%,газ - 0,3% қымбаттаған. Денсаулық сақтау мекемелерінің қызметі 1%, мәдениет - 0,4% , білім беру - 0,3% қымбаттаған. Жолаушы көлікте жүру ақысы 0,5% көтерілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны