09.01.2007, 17:37 3091

2006 жылы Қазақстан қор биржасындағы барлық операциялар көлемі 2,1 есеге өсті

АЛМАТЫ. 9-қаңтар. Kazakhstan Today. 2006 жылғы Қазақстан қор биржасының (KASE) нарықтың барлық секторларындағы операциясының жалпы көлемі 169 344,6 млн. АҚШ доллары эквивалентіне (немесе 21 351 млрд. теңге) жетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі "ИРБИС" қаржылық жаңалықтар агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Биржа мәліметтері бойынша, Қазақстан қор биржасының нарықтың барлық секторларындағы операция көлемі алдыңғы жылмен салыстырғанда долларлық эквивалентте 2,1 есеге және теңгелік эквивалентте 2 есеге өсті.

Бұрын хабарлағанымыздай, 2006 жылдың желтоқсанындағы Қазақстан қор биржасындағы барлық операциялар көлемі доллармен шаққанда алдыңғы аймен салыстырғанда 12,7 пайызға өсіп 23 001,8 млн. эквивалентті құрады. Теңге эквиваленті 12,6 пайызды, яғни биржалық операция көлемі 2940,5 млрд. құрап отыр.

2005 желтоқсан айындағы биржалық операция көлемі өткен жылдың желтоқсанымен салыстырғанда долларлық эквивалентте 3,1 есеге, теңгемен 3 есеге өсті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны