19.01.2007, 14:33 3031

2006 жылы Қазақстан Республикасының бюджетіне төленетін кедендік төлемдер мен салықтар 1,5 есе өскен

АСТАНА. 19-қаңтар. Kazakhstan Today. 2006 жылы Қазақстан Республикасының бюджетіне төленетін кедендік төлемдер мен салықтар 1,5 есе өсті. Бұл туралы бүгін қаржы министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде Қазақстан Республикасының қаржы министрлігінің кедендік бақылау комитетінің төрағасы Асқар Шәкіров мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"2006 жылдың қорытындысы бойынша республикалық бюджетке 485,4 млрд. теңге көлемінде кедендік төлемдер мен салық кірісі кірген, бұл 2005 жылмен салыстырғанда 157,9 млрд. теңгеге, яғни 1,5 есе артық. Болжамдық тапсырма 110 пайызға орындалды",- деді ол.

Кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу барысында кедендік әкімшілік деңгейінің жақсарғаны туралы айта келе, А. Шәкіров 2006 жылы Қосалқы құн салығы ставкасының төмендеуіне және кедендік баж салықтарының ставкасы жаппай төмендеу ағымына қарамастан, кедендік төлемдер мен салықтарды өндіріп алу мөлшерінің өсім қарқыны импорт көлемінің өсім қарқынынан анағұрлым артып отырғанын айтты. Жалпы алғанда, А. Шәкіровтың мәліметтеріне сүйенсек, импорт көлемі 2006 жылдың 12 айында 23,4 млрд. АҚШ долларын құрап, 36,8 пайызға өскен, ал бюджетке құйылған кедендік төлемдер мен салықтар ретіндегі түсім 48,2 пайызға, ал кедендік алымдар мен экспорттық баж салығын есепке алмағанда 44,9 пайызға өскен.

"Кедендік бақылаудан кейінгі қосымша бақылауды жүргізу нәтижесінде мемлекет бюджетіне қосымша 5,6 млрд.-тан астам теңге кіріс кірген, бұл көрсеткіш 2005 жылмен (1,9 млрд. теңге) салыстырғанда 2,9 есеге өскен",- деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны