13.12.2006, 17:59 3324

2006 жылы қазан айында ҚР ақша көлемі 6,1% өсті

АЛМАТЫ. 13 декабря. Kazakhstan Today. Қазақстанда 2006 жылдың қазан айында банк жүйесіндегі ішкі таза активтердің өсуіне(жыл басынан бері 56,8%) байланысты ақша көлемі 6,1%- 3238,1 млрд. теңгеге дейін ұлғайды. Бұл жөнінде бүгін қаржы нарығындағы жағдайға орай өткен баспасөз мәслихатында Ұлттық банк төрағасы Инуар Сәйденов мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Ұлттық банктің ақпараты бойынша, қазан айындағы айналымда жүрген қолма қол ақша 3,9% - 529,4 млрд. тенгеге кеміген (жыл басынан бері 28,6% ұлғайған),ал банк жүйесіндегі депозиттер 8,3% - 2708,7 млрд. тенгеге дейін өсті (63,8% өскен). Есеп беру айындағы депозиттің қолма қол ақшаға қарағанда өсуі оның ақша көлеміндегі үлесін 82 пайыздан 83,7% дейін ұлғаюына ықпал етті.

Ағымдағы жылдың қараша айында Ұлттық банктің таза ішкі активтерінің төмендеуіне ақша базасын 0,8%-1181,6 млрд.теңгеге дейін қысуы негіз болды(жыл басынан бері 78,2% кеңейтілген).Қысаң ақша базасы, яғни орталық банктегі екінші деңгейлі банктердің жедел депозиттерін есепке алмағанда, 0,3%-1097,7 млрд. теңгеге азайды (90,5% кеңейтілген).

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны