23.08.2006, 17:54 2965

2006-жылдың І жартысында елімізде геология және жер қойнауын пайдалану саласына 6,4 млрд. доллардан астам инвестиция жұмсалды

АСТАНА. 23-тамыз. Kazakhstan Today. 2006-жылдың І жартысында елімізде геология және жер қойнауын пайдалану саласына 6 млрд. 477 млн. доллар көлемінде инвестиция жұмсалды, бұл 2005-жылғы тиісті мерзіммен салыстырғанда 22 процент артық. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР энергетика және минералды ресурстар министрлігі таратқан баспасөз баянынан мәлім болды.

Баспасөз баянында атап көрсетілгеніндей, шетелдік инвестициялардың көлемі жалпы салымдар көлемінің 80 процентін құрады.

Сондай-ақ, 2006-жылдың І жартысында ҚР энергетика және минералды ресурстар министрлігі жер қойнауын пайдалану жөнінде 28 келісім-шартына қол қойып, қазіргі қолданыстағы келісім-шарттарына 120 қосымша енгізді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны