15.08.2006, 12:57 3339

2006-жылдың І жартысында Қазақстанда Жалпы ішкі өнімнің өсім қарқыны сенім ұялатады - үкімет басшысы

2006-жылдың І жартысында Қазақстанда Жалпы ішкі өнімнің өсім қарқыны сенім ұялатады - үкімет басшысы

АСТАНА. 15-тамыз. Kazakhstan Today. 2006-жылдың І жартысында Қазақстандағы Жалпы ішкі өнімнің өсім қарқыны сенім ұялатады. Бүгін өткен үкіметтің отырысында премьер-министр Даниал Ахметов осындай пікір білдірді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Қазақстанда Жалпы ішкі өнімнің өсім қарқыны 2006-жылдың І жартысында 9,3 процентті құрады. Бұл өткен жылғымен салыстырғанда жоғары көрсеткіш әрі ол сенім ұялатады",- деді үкімет басшысы.

Оның айтуынша, 2006-жылдың 7 айында өнеркәсіп өнімінің өсім қарқыны 5,9 процентті құрады. Өнеркәсіп өнімінің өсім қарқынының ең жоғары көрсеткіші 2006-жылдың ІІ тоқсанында тіркелді. І тоқсанмен салыстырғанда ол 19,3 процентті құрады, деді ол.

"Өңдеу өнеркәсібінің де өсім қарқыны арта түсуде. Бұл да оң ағым. Өңдеу өнеркәсібінің өсім қарқыны І жарты жылдықта 7,1 процентті, ауылшаруашылығының жалпы ішкі өнімінің өсімі 4,2 процентке жетті, бұл - ауылшаруашылығы саласындағы тұрақты ахуалдан хабар береді".

"Жалпы ішкі өнімнің өсім қарқынына құрылыс, көлік және байланыс салалары да өзіндік үлес қосты",- деді үкімет басшысы.

Д.Ахметовтың айтуынша, Қазақстаннан экспортталатын тауарларға сыртқы сұраныс көлемі негізгі минералдық ресурстар бағасының өсімінің есебінен арта түсуде. "Импорт ауқымы да бағаның өсімі есебінен өсе түсуде, бұл инфляциялық құбылыстарға үстеме",- деді үкімет басшысы.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны