15.08.2006, 11:41 3187

2006-жылдың І жартысында Қазақстанның мемлекеттік берешегі 231 млрд. теңгеге өсті

АСТАНА. 15-тамыз. Kazakhstan Today. 2006-жылдың І жартысында Қазақстанның мемлекеттік берешегі 231 млрд. теңгеге өсті. Бұл туралы бүгін үкіметтің отырысында ҚР қаржы министрі Наталья Коржова мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Есепті мерзімде мемлекеттің берешегі 937 млрд. теңгеге жетті. Бұл көрсеткіш 2006-жылдың 1-қаңтарымен салыстырғанда ҚР Ұлттық банкінің берешегінің артуы есебінен 231 млрд. теңгеге өсті",- деп хабарлайды ол.

Н.Коржованың пікірінше, жалпы алғанда Жалпы ішкі өнімге проценттік тұрғыда шаққанда үкіметтің берешегі азая түсуде. "Біздіңше, бұл ағым Қазақстаннан экспортталатын тауарлар бағасының жоғары болуына байланысты қалыптасқан оң ағым",- деді ол.

Министрдің мәліметіне сәйкес, мемлекет тарапынан кепілдік берілген қарыз 74 млрд. теңгеге тең.

"Жарты жылда валюта бағамдарының өзгерісіне байланысты бұл көрсеткіш 5 млрд. теңгеге азайды",- деді министр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны