15.08.2006, 12:10 3400

2006-жылдың І жартысының қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджет 66 млрд. теңгенің профицитімен орындалды - қаржы министрі

2006-жылдың І жартысының қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджет 66 млрд. теңгенің профицитімен орындалды - қаржы министрі

АСТАНА. 15-тамыз. Kazakhstan Today. 2006-жылдың І жартысының қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджет 66 млрд. теңгенің профицитімен орындалды. Бұл туралы бүгін үкіметтің отырысында ҚР қаржы министрі Наталья Коржова мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Мемлекеттік бюджет кірістері жоспардан 10,2 процентке артып, 1,27 трлн. теңгені құрады. Бюджет шығыстары жоспардың 93 процентін құрап, 1,2 трлн. теңге болды. Тапшылық 142,7 млрд. теңге көлемінде жоспарланғанына қарамастан, іс жүзінде 66 млрд. теңгенің профициті түзілді",- деді ол. Министрдің айтуынша, мемлекеттік бюджеттің негізгі қайнар көзі ролін корпоративтік кіріс салығы, қосалқы құн салығы, табиғи және басқа да ресурстарды пайдаланудан түскен түсімдер мен жеке кіріс салығы атқаруда.

"Алматы (127%), Қызылорда (118,4%), Батыс Қазақстан (115,6%) облыстарында жоспар асыра орындалды. Жергілікті бюджет түсімдері барлық өңірлерде орындалды. Ақмола (113%) және Жамбыл (109,7%) облыстарында жоспар асыра орындалды", - деді ол. Қаржы министрінің мәліметіне сәйкес, жылдың алғашқы жартысында Ұлттық қорға 197,3 млрд. теңге аударылды.

1-шілдеден бастап ҚР Ұлттық қорын қалыптастыру мен пайдаланудың жаңа схемасы іске қосылғанын министр еске сала кетті. "Еліміз ҚР Ұлттық қорын қалыптастырудың жаңа тұжырымдамасына көшкенін байқамай да қалды. Бұл қаржы министрлігі мен экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінің ырғақты іс-қимылдарының нәтижесі",- деп пайымдайды Н.Коржова.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны