15.08.2006, 11:19 3086

2006-жылдың қорытындысы бойынша елімізде Жалпы ішкі өнімнің нақты өсімі 9 процентті, ал жылдық орташа инфляция деңгейі 8,5 процентті құрайды - экономика министрлігінің болжамы

АСТАНА. 15-тамыз. Kazakhstan Today. 2006-жылдың қорытындысы бойынша елімізде Жалпы ішкі өнімнің нақты өсімі 9 проценттен кем емес көрсеткішті, ал жылдық орташа инфляция деңгейі 8,5 процентті құрайды. Бұл туралы бүгін өткен үкіметтің отырысында ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрінің орынбасары Марат Құсайынов құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Біздің болжамымызға сәйкес, 2006-жылдың қорытындысы бойынша елімізде Жалпы ішкі өнімнің нақты өсімі 9 процентті, ал жылдық орташа инфляция деңгейі 8,5 процентті құрайды. Жыл қорытындысы бойынша жан басына шаққандағы Жалпы ішкі өнім 5,2 мың долларға жетпек. Бұл 2005-жылғы көрсеткіштен 1,4 есе артық",- деді М.Құсайынов. "Жылдық орташа инфляция деңгейі жоспардағыдан біршама жоғары болып, шамамен 8,5 процентті құрайды",- деді ол.

М.Құсайыновтың айтуынша, "ағымдағы жылдың ІІ жартысында ел экономикасын дамытуға қолайлы сыртқы жағдайлар қалыптасып, экономиканың басты салаларының даму серпіні жақсарады".

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны