08.01.2007, 13:11 1571

2006-жылдың желтоқсан айында Қазақстан қор биржасындағы барлық операциялар көлемі 12,7 процентке өсті

АЛМАТЫ. 8-қаңтар. Kazakhstan Today. 2006-жылдың желтоқсан айында Қазақстан қор биржасындағы барлық операциялар көлемі өткен аймен салыстырғанда 12,7 процентке өсіп, 23 001,8 млн. долларды құрады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі "Ирбис" қаржылық жаңалықтар агенттігіне сілтеме жасап.

Ал теңге эквивалентімен өсім 12,6 процентке бағаланып, биржалық операциялар көлемі 2940,5 млрд. теңгеге жетті.

2005-жылғы желтоқсанмен салыстырғанда биржалық операциялардың көлемі өткен жылғы желтоқсанда доллар эквивалентімен 3,1 есе, теңге эквивалентімен 3 есе өсті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны