19.01.2007, 13:11 2949

2006-жылы елімізде банкроттықа ұшыраған ұйымдарды жою барысында кредиторлық берешекті өтеу көлемі 91 процентке артты

АСТАНА. 19-қаңтар. Kazakhstan Today. 2006-жылы елімізде банкроттықа ұшыраған ұйымдарды жою барысында 3820 млн теңгенің әлеуметтік кезектегі кредиторлық берешегі өтелді, бұл 2005-жылғы көрсеткіштен 1820 млн теңгеге, немесе, 91 процентке артық. Бұл туралы бүгін қаржы министрлігінде республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтың қатысуымен өткен алқа мәжілісінде осы министрліктің дәрменсiз борышкерлермен жұмыс комитетінің төрағасы Сабыржан Бекбосынов мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

С.Бекбосыновтың айтуынша, бюджет түсімдері 1728,7 млн теңгені құрады, бұл 2005-жылғы көрсеткіштен 139 млн теңгеге артық.

"Реабилитациялық процедураларда да оңды динамика байқалуда. Мәселен, 2006-жылы бюджетке 549,4 млн теңге құйылған, бұл 2005-жылғы көрсеткіштен 64 млн теңгеге артық",- деді ол.

2006-жылы дәрменсіз ұйымдарды банкрот деп тану процедурасы (конкурстық өндірісі және реабилитация) арқылы қаржылық -экономикалық сауықтыру нәтижесінде бюджетке 2278,1 млн теңге түсті, деп мәлімдеді С.Бекбосынов. "Бұл көрсеткіштерге конкурстық өндірісінің жалпы шығындарын, әкімшілік шығындарды азайту, конкурстық басқарушылардың мүлікті қайтару және дебиторлық берешекті өндіріп алу іс-әрекеттерін бақылау есебінен қол жеткізілуде",- деді ол.

Сонымен бірге С.Бекбосыновтың айтуынша, Қазақстанда жойылған ұйымдардың базасында қайта құрылған ұйымдардың саны үздіксіз өсе түсуде. Олар жаңа жұмыс орындарып құрып, салық салынатын базаны ұлғайтуда. 2007-жылдың 1-қаңтарындағы жағдаймен жойылған ұйымдардың базасында 1530 ұйым жұмысын қайта бастады. Оларда 135 559 жұмыс орындары құрылған, деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны