19.09.2006, 13:03 3062

2006-жылы еліміздің мемлекеттік азық-түлік корпорациясы астық өндірісі саласына 43 млрд. теңге жұмсайды

АСТАНА. 19-қыркүйек. Kazakhstan Today. 2006-жылы еліміздің "Мемлекеттік азық-түлік келісім-шарты корпорациясы" астық өндірісі саласына 43 млрд. теңге жұмсайды. Бұл туралы акционерлік қоғам бүгін таратқан баспасөз баянында айтылған, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Биыл "Мемлекеттік азық-түлік келісім-шарты корпорациясы" астық өндіруге 43 млрд. теңге инвестиция жұмсайды",- делінген құжатта.

2003-2006-жылдарға арналған мемлекеттік агроазық-түлік бағдарламасын жүзеге асыру аясында "Мемлекеттік азық-түлік келісім-шарты корпорациясының" астық өндіруге жұмсаған инвестициясының көлемі 1997-1999-жылдармен салыстырғанда 10 есеге жауық өсіп 99 млрд. теңгені құрады.

Ағымдағы жылы Мемлекеттік азық-түлік келісім-шарты корпорациясы сатып алатын астық көлемін үкімет 2,5 млн. тонна шамасында бекіткен. "Бюджет қаржысының есебінен 503 мың тонна бидай сатып алынады. Қалғанын корпорацияның өз қаржысы мен банк несиесінің есебінен сатып алу көзделген",- делінген баспасөз баянында.

"Корпорация жаз-көктем маусымында жалпы сомасы 9,8 млрд. теңгеге 781,4 мың тонна астық сатып алды. Соның ішінде бюджет қаржысының есебінен 3,9 млрд. теңгеге 315,4 мың тонна бидай сатып алынды". "2006-2007-жылғы күз-қыс маусымында тікелей келісім-шартқа сәйкес 1,7 млн. тонна астық пен басқа да ауылшаруашылығы дақылдарын сатып алу межеленген".

Биыл үшінші класты бидайдың бағасы бір тоннасына 12 350 теңге көлемінде белгіленген. Сапа көрсеткіштеріне сәйкес коммерциялық сатып алуда 12 350 - 15 000 теңге аралығындағы баға белгіленбек.

2006-жылы корпорация өз қаржысы есебінен ауылшаруашылығы тауар өндірушілеріне көктемгі тұқым себу және күзгі жиын-терім науқанына 9,5 млрд. теңге несие беруді жоспарлауда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны