22.05.2006, 15:35 3232

2006-жылы Қазақстаннан Иранға SWAP схемасы бойынша сатылатын мұнай мөлшерін үш есе арттыру көзделіп отыр

АЛМАТЫ. 22-мамыр. Kazakhstan Today. 2006-жылы Қазақстаннан Иранға SWAP схемасы бойынша сатылатын мұнай мөлшерін үш есе арттыру көзделіп отыр. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихаты барысында Қазақстан Республикасындағы Иран елшісі Ромин Мехмонпараст журналистерді құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

“2006-жылы өзара мұнай алмасу деңгейі үш есе артады. 2005-жылы 1 млн. 400 мың тонна мұнай жеткізілді”,- деді ол.

“Қазір екі ел арасында мұнай айырбасына қатысты жақсы ынтымақтастық орнады. Нека айлағында мұнай қабылдау мөлшерін ұлғайту үшін біз барлық жағдайды жасадық”,- деді елші.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Иран мен Қазақстан арасындағы мұнай айырбасы 2002-жылдың қаңтар айында басталды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны