31.01.2007, 17:22 6715

2007 жылдың 1-қаңтарындағы жағдай бойынша Қазақстан қор биржасының капиталға айналуы ІЖӨ 101,7 пайызды құрады

АСТАНА. 31-қаңтар. Kazakhstan Today. 2007 жылдың 1-қаңтарындағы жағдай бойынша Қазақстан қор биржасының капиталға айналуы ІЖӨ 101,7 пайызды құрады . Бұл жөнінде ҚР қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын қадағалау және реттеу жөніндегі Агенттіктің төрағасы Арман Дунаев мәлімдеді.

Бүгін сенатта өтіп жатқан "ҚР құнды қағаздар нарығының жағдайы мен даму болашағы" атты жиында А. Дунаев "2006 жылдың 1-қазанындағы жағдай бойынша Қазақстан қор биржасының жалпы капиталға айналуы ІЖӨ деңгейінен 5 трлн 223 млрд 695 млн теңгені немесе 59,8% құрады, жыл басынан бері 24,8 пайызға өскен. Ағымдағы жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша бұл көрсеткіш ІЖӨ 101,7 пайызға жетті",- деп мәлімдеді.

"Көрсеткіштер қайран қалдыруда, менің пікірімше, біз соңғы жылдары ІЖӨ қор нарығының капитал айналымын ұлғайттық",- деп атап өтті А. Дунаев.

"Қор нарығының капитал айналымының ІЖӨ сәйкестігі Қазақстан экономикасында қор нарығының ролінің артып отырғанын көрсетеді",- деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны