30.10.2007, 17:17 3085

2007 жылдың 9 айында мемлекеттік бюджет шығындары өтелген қарыздарды есептемегенде 2 трлн 167 млрд теңгені құрады

2007 жылдың 9 айында мемлекеттік бюджет шығындары өтелген қарыздарды есептемегенде 2 трлн 167 млрд теңгені құрады

Астана. 30 қазан. "Қазақстан Бүгін" - 2007 жылдың 9 айында мемлекеттік бюджет шығындары өтелген қарыздарды есептемегенде 2 трлн 167 млрд теңгені, немесе, жоспардың 95,5% құрады. Бұл туралы бүгін Астанада өткен үкімет отырысында қаржы вице-министрі Дәулет Ерғожин хабарлады.

Оның ақпаратына жүгінсек, "республикалық бюджет шығындары 1,769 трлн теңге, немесе жоспардың 97,1% , жергілікті бюджет шығындары - 1,056 трлн теңге, жоспардың 95,5% құрады". "Республикалық бюджет бойынша игерілмеген бюджет қаржысы 52,2 млрд теңге болды", - деді ол.

Вице-министрдің айтуынша, қаржының кейбір бөлігінің игерілмеуі обьективті себептерге байланысты. Атап айтқанда, "8,5 млрд теңге мемлекеттік сатып алулар бойынша, жалақы қоры бойынша, шетел валютасының кросс-бағамдарының өзгерісі бойынша үнемделген қаржы", - деп түсіндірді Д. Ерғожин.

Бұған қоса, вице-министрдің хабарлауынша, 43,7 млрд теңге көлеміндегі бюджет қаржысы субьективті себептермен игерілмей қалды. Бұл санатқа ол "мемлекеттік сатып алулар бойынша өтпей қалған байқауларды, атқарылған жұмыстар жөніндегі актілер мен төлем құжаттарын бермеу" секілді себептерді қосты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны