30.10.2007, 15:17 3131

2007 жылдың 9 айындағы инфляция деңгейінің жылдық көрсеткіші 11,2 пайызды құрады - Экономика министрлігі

2007 жылдың 9 айындағы инфляция деңгейінің жылдық көрсеткіші 11,2 пайызды құрады - Экономика министрлігі

Астана. 30-қазан. "Қазақстан Бүгін" - 2007 жылдың 9 айындағы инфляция деңгейінің жылдық көрсеткіші 11,2 пайызды құрады. Бұл туралы бүгін үкімет отырысында сөз сөйлеген экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Баға жағдайына тоқталатын болсақ, онда нақты көрсеткіштердің болжамнан асып кеткендігін айтуға тура келеді",- деді Б. Сұлтанов.

"2007 жылдың қыркүйегіндегі инфляция деңгейі 2006 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 8,6 пайыздф құрады, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 7 пайыздық пунктке жоғары. Сондай-ақ қыркүйектегі инфляция деңгейі жылдық көрсеткіште 11,2 пайызға жетті",- деп атап өтті ол.

Б. Сұлтановтың айтуынша, "9 ай ішіндегі баға деңгейінің көтерілуінің ерекшелігі азық-түлік емес тауарлар 5,7 пайызға, ал ақылы қызмет көрсету 7,3 пайызға өскенде, азық-түлік өнімдері бағасының олардан асып түсіп, 2006 жылдың желтоқсанынан 11,4 пайызға өсуі болып табылады".

"Осыған сәйкес, азық-түлік өнімдері бағаның өсуіне ең көп әсер етіп отыр, яғни, ол 57,3 пайызға, азық-түлік емес тауарлар - 19,6 пайызға және және ақылы қызмет көрсету - 23,1 пайызға әсер етті. Аталмыш көрсеткіштерге соңғы 2 айдағы дүрбелең тудырған бағаның өсуі де әсер еткен",- деп атап өтті министр.

Оның айтуынша, инфляция деңгейінің өсуін анықтайтын негізгі факторлар "ішкі сұраныстың өсуі, соның ішінде үстіміздегі жылдың бюджеттік шығындарының айтарлықтай өсуі есебінен, шетелдік валюталар ағымы мен шикізаттың дүниежүзілік бағасының өсуі, инфляция импорты сияқты сыртқы факторлар болып табылады". Сонымен қатар, "инфляция деңгейінің өсуіне бәсекелестік пен аймақтардағы тауар нарығындағы ахуалға бақылау жасау және тауарларды сату барысындағы көптеген делдалдарды жоюға қатысты жұмыстар деңгейінің төмендігі де түрткі болып отыр".

Осыған байланысты, Б. Сұлтановтың пайымдауынша, үкімет "күшін бәсекелестікті дамытуға және тауар нарығындағы бағаға монополиялық немесе әсіре дүрбелеңді әсер ету мүмкіндігіне жол бермеуге, стратегиялық маңызды қорларды құру мен тапшылық туындаған жағдайда интервенция жүргізуге, биржалық сауданы дамытуға, табиғи монополия субъектілерінің тарифтерді өсіруін бақылауды күшейтуге жұмылдыруы қажет".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны