24.08.2006, 15:00 3099

2007 жылдың бюджетінде әлеуметтік блок шығыстары 726,9 миллиард теңге көлемінде жоспарланған - экономика және бюджеті жоспарлау министрлігі

АСТАНА. 24-тамыз. Kazakhstan Today. 2007 жылдың бюджетінде әлеуметтік блок шығыстары 726,9 миллиард теңге көлемінде жоспарланған. Бұл туралы ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрінің орынбасары Марат Құсайынов бүгін өткен үкіметтің отырысында құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"2007 жылдың бюджетінде білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салаларын қамтитын әлеуметтік блок шығыстары 2006 жылғы межеден 109,2 миллиард теңгеге артық жоспарланып, 726,9 миллиард теңгені құрайтын болады",- деді вице-министр. Оның айтуынша, жалпы бюджет көлемінде бұл шығындар 34,3 процентті құрайды.

Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Марат Құсайыновтың айтуынша, ағымдағы бюджеттік бағдарламалар шығысының артуы негізінен Елбасының Қазақстан халқына биылғы Жолдауында айтылған тапсырмаларды жүзеге асырумен байланысты. Бұл біріншіден мемлекеттік қызметшілердің, мемлекеттік мекемелерде істейтін, бірақ мемлекеттік қызметші саналмайтын қызметкерлер мен мемлекеттік кәсіпорындарда істейтін жұмысшылардың еңбекақыларын 30 процентке көтерумен байланысты болып отыр. Бұған жалпы көлемі 145,6 миллиард теңге қарастырылған. Екіншіден, әлеуметтік төлемдерді төлеуге байланысты шығыстар 71 миллиард теңгеге ұлғайтылған. Вице-министрдің айтуынша, зейнетақылардың көлемі инфляция көлемінен 8 процент оза индексацияланады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны