01.02.2007, 15:59 3277

2007 жылдың қаңтарында Қазақстан Республикасындағы ең төменгі күн көріс деңгейі 8521 теңгені құрады

АЛМАТЫ. 1-ақпан. Kazakhstan Today. 2007 жылдың қаңтарында Қазақстан Республикасындағы ең төменгі күн көріс деңгейінің мөлшері 8521 теңгені құрап, 2006 жылдың желтоқсан айындағы көрсеткішпен салыстырғанда 2,7 пайызға өскен. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігінен хабарлады.

Мемлекеттік статистика агнеттігінің мәліметтеріне сүйенсек, ең төменгі күн көріс деңгейінің мөлшері азық-түлік тауарлары бойынша 5112 теңгені, басқа да тауар өнімдері мен ақылы қызмет көрсету бойынша - 3409 теңгені құраған.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, ең төменгі күн көріс деңгейінің айлық есеп беруі 13 жасқа дейінгі балалар үшін 6781 теңгені; 14 - 17 жас аралығындағы жеткіншектер мен қыздер үшін - 10 734 және 8225 теңгені; 18 жастан жоғары еңбекке жарамды адамдар үшін, оның ішінде ерлер үшін - 10 165 теңге және әйелдер үшін - 8071 теңгені, зейнеткерлер мен қарт адамдар үшін - 7953 теңгені құраған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны