06.06.2007, 18:48 2845

2007 жылдың қаңтар-мамыр айларында Қырғызстан қор биржасындағы сауда-саттық көлемі 60 млн АҚШ долларын құрады

БІШКЕК. 6 - маусым. Kazakhstan Today. Үстіміздегі жылдың бес айындағы Қырғызстан қор биржасындағы сауда-саттық көлемі 2,243 млрд сомды, немесе 60 млн АҚШ долларын құрады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Қырғыз қор биржасының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, бұл ауқым 2006 жылғы сауда-саттық көлімінің 57 пайызынан артып отыр. Қырғыз қор биржасы 2007 жылдың 1-қаңтарынан 6-маусымына дейін 1 249 келісім жасаған. Құнды қағаздарды алғашқы орналастыру көлемі 433 млн сомға (11,6 млн АҚШ доллары) жетті. Осы кезеңде листинг тізіміне енетін компанияларының акцияларымен 189 млн сомның (4,9 млн АҚШ доллары) саудасы жасалған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны