03.12.2007, 13:47 1625

2007 жылдың қарашасында Қазақстан Республикасындағы инфляция 2,7% құрады

2007 жылдың қарашасында Қазақстан Республикасындағы инфляция 2,7% құрады

Алматы. 3-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - 2007 жылдың қарашасында Қазақстан Республикасындағы инфляция 2,7% құрады, деп хабарлайды агенттік ҚР Статистика жөніндегі агенттігіне сілтеме жасап.

Азық-түлік тауарлары рыногында өткен айда бағаның ең жоғары өсімі жұмыртқаға 9,7%-ке, май және тоң майға - 7,7%, сүт өнімдеріне 6,1% байқалды.

Нан және жарма өнімдерінің бағасы 3,9%-ға, макарон өнімдеріне - 10,6%-ға, ұнға - 5,2%-ға өсті.

Жаңа піскен көкөніс өнімдерінің бағасы 6,9%-ға, жеміске 4,9%-ға, қантқа - 3,6%-ға, балық етінің бағасы 2,6%-ға, ет өнімдері 2,2%-ға өсті.

Азық-түлік емес тауарлар тобында бензин - 6%-ға, дизелдік отын - 10%-ға, көмірдің бағасы 5,2%-ға өсті. Жуғыш пен тазалағыш құралдар бағасының өсімі 2%, киім және аяқкиімге - 1,6%, үй тұрмысында пайдаланылатын заттарға - 1,3%, жеке гигиеналық тауарларға - 1% құрады.

Қызмет көрсетудегі төлем білім беруде 0,5%-ға, денсаулық сақтау мен мәдениет саласында - 1,1%-ға өсті. Шаштараздардың бағасы 2,6%-ға, мейрамханалар мен қонақ үйлердің қызметтерінің құны 3,7%-ға өсті.

Темір жол көлігімен жол жүру 1%-ға арзандады.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызмет көрсетулерге бағасы мен тарифтері 2,1%-ға өсті. Суық судың құны 6,1%-ға, ыстық судың бағасч 2,8%-ға, орталықтан жылыту - 2,7%-ға, газбен жабдықтау - 1,9%-ға, қоқыс жинауға 2,1%-ға, тұрғын үйді күтіп ұстауға - 1,7%-ға өсті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны