25.12.2007, 15:10 2896

2007 жылдың қорытындысы бойынша Астананың Жалпы аймақтық өнімі 1,3 трлн теңгені құрайды - Мамин

2007 жылдың қорытындысы бойынша Астананың Жалпы аймақтық өнімі 1,3 трлн теңгені құрайды - Мамин

Астана. 25-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - 2007 жылдың қорытындысы бойынша Астананың Жалпы аймақтық өнімі 1,3 трлн теңгені құрайды. Бұл туралы бүгін қалалық мәслихаттың сессиясында сөз сөйлеген Астана әкімі Асқар Мамин мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Жалпы аймақтық өнімнің тұрақты өсуі байқалады, ол болжам бойынша 2007 жылы 1301,8 млрд теңгені құрап, өткен жылғы деңгеймен (830,7 млрд теңге) салыстырғанда 56,7 пайызға өседі",- деп мәлім етті Асқар Мамин.

"Бұл республика бойынша Алматы мен Атыраудан кейінгі үшінші көрсеткіш",- деді ол.

Икім сонымен қатар, "астана экономикасының тұрақты және қарқынды өсуі инвестициялық салым көлемінің өсуіне байланысты", деп атап өтті. Оның мәліметтеріне сүйенсек, 2007 жылы негізгі капиталған салынған инвестиция 400 млрд теңгеге жетіп жығылады.

"2007 жылғы сыртқы сауда тауар айналымының көлемі 8 млр АҚШ долларын құраған, бұл өткен жылғы деңгейден 45 пайызға жоғары",- деді ол.

Сондай-ақ Асқар Маминнің хабарлауынша, қаланың өндірістік кәсіпорындары 2007 жылы 110 млрд теңге көлемінде өнім шығарып, қызмет көрсеткен, бұл өткен жылмен салыстырғанда 40 пайызға артық.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны