03.07.2007, 14:36 2631

2007 жылдың маусымында Қазақстан Республикасы бойынша орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 9691 теңгені құрады

АЛМАТЫ. 3-шілде. Kazakhstan Today. 2007 жылдың маусымында Қазақстан Республикасы бойынша орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 9691 теңгені құрады, бұл 2007-жылғы мамырдағы көрсеткіштен 8,6 пайызға (8924 теңге) артық, ал 2006-жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 16,9 пайызға артық. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР статистика жөніндегі агенттігінен хабарлады.

Агенттік мәліметіне сәйкес, соның ішінде азық-түлік тауарлары 5815 теңге, азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтер 3876 теңгеге тең.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, есепті мерзімде халықтың жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 13 жасқа дейінгі балалар үшін 7565 теңге, 14 - 17 жас аралығындағы жігіттер үшін 12224 теңге, қыздар үшін 9365 теңге, 18 жастан жоғары еңбекке қабілетті халық, соның ішінде ерлер үшін 11599 теңге, әйелдер үшін 9209 теңге, зейнеткерлер мен қарт адамдар үшін 9065 теңге болды.

Ең төменгі күнкөріс деңгейі - мөлшері бойынша ең төменгі тұтыну қоржынының құнына тең, бір адамға қажетті ең төменгі ақшалай табыс. Ең төменгі тұтыну қоржыны адам тіршілігін қамтамасыз етуге қажетті тамақ өнімдерінің, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің заттай және құндық көріністегі ең төменгі жиынтығы болып табылады. Ол азық-түлік қоржынынан және азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтерге жұмсалатын шығыстардың бекітілген үлесінен тұрады.

Азық-түлік қоржыны 43 түрлі азық-түлік атауынан тұрады: ет, балық, сүт, май, нан, көкөністердің түрлері, жұмыртқа, қант, шай, қоспалар және тағы басқалар.

Күнкөрістің ең төменгі деңгейін есептеуге арналған аз тұтынылатын азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығыстардың үлесі ең төменгі тұтыну қоржыны құнының 40 пайыздық мөлшерінде белгіленген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны