07.09.2007, 15:56 3041

2007 жылдың тамыз айында ұлттық валютадағы депозиттер 0,8%-ке азайды

2007 жылдың тамыз айында ұлттық валютадағы депозиттер 0,8%-ке азайды.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 7 қыркүйек. АЛМАТЫ. 2007 жылдың тамыз айында ұлттық валютадағы депозиттер 0,8%-ке - 2784,7 млрд теңгеге дейін азайса, ал шетел валютасындағы депозиттер 14,6% -ке - 1017,5 млрд теңгеге дейін артқан, деп хабарлайды агенттік Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтсақ, теңгемен салынған депозиддің үлес салмағы 76,0% -тен 73,2%-ке дейін азайды.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, банк жүйесіндегі резиденттердің жалпы депозиттерінің көлемі 2007 жылдың шілде айында 2007-жылғы маусыммен салыстырғанда 2,9%-ке артып ( 2006-жылғы желтоқсанмен салыстырғанда - 23,6%-ке) - 3802,2 млрд теңгеге дейін жетті . Заңды тұлғалардың депозиттері 0,4%-ке - 2350,3 млрд теңгеге дейін, жеке тұлғаларлың депозиттері 7,2%-ке - 1451,9 млрд теңгеге дейін артты.

Сонымен бірге, халықтың банктердегі салымдары (резидент еместерді ескергенде) бір айда 7,2%-ке - 1467,2 млрд теңгеге дейін артты. 2007 жылдың шілде айында тұрғындардың салымдары қүрылымында тенгелік депозиттер 7,1%-ке - 1098,2 млрд теңгеге дейін, ал шетел валютасындағы депозиттер 7,2%-ке - 369,1 млрд теңгеге дейін өсті. Нәтижесінде теңгелік депозиттердің үлес салмағы 74,9%-тен 74,8%-ке дейін азайды.

Банк депозиттері бойынша ставкалардың динамикасы мынадай өзгерістермен сипатталды. 2007 жылдың шілде айында теңгелік жедел депозиттер бойынша сыйақылардың жылдық орташа ставкасы банктік емес заңды тұлғалар бойынша 4,0% ( 2007 жылдың маусым айында - 4,5%), ал жеке тұлғалардың депозиттері бойынша - 10,5% (10,5%) болған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны