02.09.2007, 16:28 3315

2007 жылдың тамызында азық-түлік тауарларының бағасы 10,3%-ға өсті

2007 жылдың тамызында азық-түлік тауарларының бағасы 2006 жылдың тамызымен салыстырғанда 10,3%-ға өсті.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 2-қыркүйек. АСТАНА. 2007 жылдың тамызында азық-түлік тауарларының бағасы 2006 жылдың тамызымен салыстырғанда 10,3%-ға өсті. Бұл туралы ҚР Статистика жөніндегі агенттігінен хабарлады.

Агенттік ақпаратына сәйкес, атап айтсақ, 2006 жылдың тиісті айымен салыстырғанда ағымдағы жылдың тамызында жаңа жиналған көкөністер бағасының - 23,4%-ға, жемістер бағасының - 14,2%-ға өскен. Ет және ет өнімдері аталған кезеңде 14,8%-ға қымбаттады. Құс, қой, сиыр және жылқы еті бағасының деңгейі 17-21%-ға, шұжық өнімдері - 7,4%-ға, шошқа еті - 6,3%-ға өсті. Жұмыртқа бағасы 18,9%-ға, сүт өнімдерге - 11,5%-ға, сары майға - 6,3%-ға өсті.

Нан және жарма өнімдері бағасының өсімі 9,7% құрады. Нан 14,1%-ға, ұн - 10,7%-ға, күріш- 7,7%-ға, жарма 7,4%-ға қымбаттады. Балық және теңіз өнімдерінің бағасы 13,3%-ға , кондитерлік өнімдер - 5%-ға өссе, қант бағасы 5,5%-ға төмендеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны