02.09.2007, 16:18 3123

2007 жылдың тамызында Қазақстан Республикасы бойынша орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 10310 теңгені құрады

2007 жылдың тамызында Қазақстан Республикасы бойынша орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 10310 теңгені құрады, бұл 2007-жылғы шілдедегі көрсеткіштен 7,3 пайызға артық, ал 2006-жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 24,3 пайызға артық.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 2-қыркүйек. АЛМАТЫ. 2007 жылдың тамызында Қазақстан Республикасы бойынша орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 10310 теңгені құрады, бұл 2007-жылғы шілдедегі көрсеткіштен 7,3 пайызға артық, ал 2006-жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 24,3 пайызға артық. Бұл туралы ҚР статистика жөніндегі агенттігінен хабарлады.

Агенттік мәліметіне сәйкес, соның ішінде азық-түлік тауарлары 6186 теңге, азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтер 4124 теңгеге тең.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, есепті мерзімде халықтың жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 13 жасқа дейінгі балалар үшін 9101 теңге, 14 - 17 жас аралығындағы жігіттер үшін 12783 теңге, қыздар үшін 9793 теңге, 18 жастан жоғары еңбекке қабілетті халық, соның ішінде ерлер үшін 12131 теңге, әйелдер үшін 9621 теңге, зейнеткерлер мен қарт адамдар үшін 9500 теңге болды.

Ең төменгі күнкөріс деңгейі - мөлшері бойынша ең төменгі тұтыну қоржынының құнына тең, бір адамға қажетті ең төменгі ақшалай табыс. Ең төменгі тұтыну қоржыны адам тіршілігін қамтамасыз етуге қажетті тамақ өнімдерінің, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің заттай және құндық көріністегі ең төменгі жиынтығы болып табылады. Ол азық-түлік қоржынынан және азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтерге жұмсалатын шығыстардың бекітілген үлесінен тұрады.

Азық-түлік қоржыны 43 түрлі азық-түлік атауынан тұрады: ет, балық, сүт, май, нан, көкөністердің түрлері, жұмыртқа, қант, шай, қоспалар және тағы басқалар.

Күнкөрістің ең төменгі деңгейін есептеуге арналған аз тұтынылатын азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығыстардың үлесі ең төменгі тұтыну қоржыны құнының 40 пайыздық мөлшерінде белгіленген.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны