02.09.2007, 15:50 3119

2007 жылдың тамызында Қазақстан Республикасындағы инфляция 0,7% құрады

2007 жылдың тамызында Қазақстан Республикасындағы инфляция 0,7% құрады.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 2-қыркүйек. АСТАНА. 2007 жылдың тамызында Қазақстан Республикасындағы инфляция 0,7% құрады. Бұл туралы "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" тілшісіне ҚР Статистика жөніндегі агенттігінен хабарлады.

Атап айтсақ, агенттіктің ақпараты бойынша, азық-түлік тауарлары рыногында өткен айда жұмыртқаның бағасы 5,5%-ға, ұнның - 5,3%-ға, нанның - 4,5%-ға, макарон өнімдерінің - 1,1%-ға, қанттың - 1,9%-ға өсті. Ет және ет өнімдері бағасының өсімі 1,7%, ал жылқы етіне - 2,9%, сиыр етіне - 2,3%, құс етіне - 2,2%, қой етіне - 1,4%, шошқа етіне - 1,1%, шұжық өнімдеріне - 0,9% құрады. Сүт өнімдерінің бағасы 1,3%-ға өсті (айранға - 2,2%-ға, қаймаққа - 1,8%-ға, сүзбеге - 1,7%-ға, жаңа сауылған сүтке - 1,1%-ға өсті). Жемістер бағасының денгейі 1,1%-ға, жаңа жиналған көкөністер - 4,6%-ға, картоп - 7,4%-ға төмендеді.

Азық-түлік емес тауарлар тобында бағаның едәуір өсуі бензинге - 2,1%-ға және кеңсе тауарларға - 1,9%-ға байқалды. Құрылыс материалдар, жуу және тазалау құралдар бағалардың өсімі 0,7%-дан, киім және аяқкиімге, үй тұрмысында пайдаланылатын заттарға, дәрі-дәрмектерге - 0,5%-дан, кітаптар мен газеттерге - 0,4%, жеке гигиена тауарларға - 0,3% құрады.

Ақылы қызметтер саласында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметтерінің бағасы мен тарифтері 0,5%-ға өсті. Қоқыс жинау тарифтері 7,4%-ға, тұрғын үйді күтіп ұстау - 1,7%-ға, оны жөндеуге - 2,1%-ға, газбен жабдықтау - 0,6%-ға, кәріз - 0,4%-ға өсті. Денсаулық сақтау мекемелер қызметтері 1%-ға, мәдениет мекемелер - 0,5%-ға, мектепке дейін және бастауыш білім беру мекемелер - 0,4%-ға қымбаттады. Жолаушылар көлігі қызметтерінің төлемақысы 0,8%-ға өсті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны