12.10.2006, 17:10 3174

"2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы" заң бойынша жұмыс тобының жиналысында "Қазына" орнықты даму қорының бюджеттік сұранымы қаралды

АСТАНА. 12-қазан. Kazakhstan Today. Бүгін Қазақстан Республикасының парламенті мәжілісінде "2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы" ҚР заңы бойынша жұмыс тобының жиналысында "Қазына" орнықты даму қорының бюджеттік сұранымы қаралды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне "Қазына" қорының баспасөз қызметі хабарлады.

"Қазына" қоры басқармасының төрағасы Қайрат Келімбетов жұмыс тобының жиналысында республикалық бюджеттен қор сұрап отырған қаржының экономикалық негізділігі мен тиімділігін таныстырды.

Республикалық бюджеттік комиссиясы мақұлдаған "Қазына" орнықты даму қоры" АҚ-ның бюджеттік сұранымы 43,7 млрд. теңгені құрайды. Оның ішінен келесі жылға "Қазына" АҚ-ның операциялық қызметіне 1,8 млрд. теңгені бөлу жоспарланып отыр. Даму институттарына жыл сайын бөлінетін қаржының абсолюттік мөлшері мемлекеттік бюджеттің және ЖІӨ көлемінің өсуіне қарамастан бір деңгейде қалады.

Мемлекеттік "Қазақстанның даму Банкі" АҚ-ның (ҚДБ) бюджеттік сұранымын қанағаттандыру үшін 2007-жылғы бюджет жобасында 21 млрд теңгеге жуық қаражат бөлу жоспарланып отыр, оның ішінде 7 млрд теңге банктің несиелік ресурстарының бағасын төмендету үшін бюджеттік несие ретінде бөлу жоспарлануда. Қалған сома банк пен оның лизингтік компаниясының жарғылық капиталын ұлғайтуға арналған. Бюджеттік несиелеу ҚДБ-нің инфрақұрылымдық жобаларды қолайлы сыйақы қойылымы бойынша қаржыландыруы үшін қажет. "Қазақстанның инвестициялық қоры" АҚ жобаларына 2007 жылғы бюджет жобасынан жеке сектормен бірлесіп инвестициялық жобаларды қоса қаржыландыру үшін 5,5 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр.

"Ұлттық инновациялық қор" АҚ-ына жаңа жоғарытехнологиялық компанияларға үлеспен бақылау мақсатында қатысу үшін 4,2 млрд. теңгедей бөлу жоспарланып отыр, 600 млн. теңге - шетелдік венчурлық қорлары арқылы қазіргі заманғы компаниялар сатып алу үшін, 2,5 млрд.теңге - бизнес-инкубаторлар мен технопарктерді дамыту үшін қажет.

"Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ 10 млрд.теңге бюджеттік қаражат алады, оның ішінде 4 млрд.теңгені шағын несиеге таратуға және 6 млрд.теңге - шағын бизнеске берілетін несиелерге кепілдік беру бағдарламаларына арналады.

"Маркетингтік - талдамалық зерттеулер орталығы" АҚ-ына 92 млн. теңге тиісті ақпараттық ресурстарға жазылу үшін қажет.

Қазақстанның "Қазинвест" инвестицияларға жәрдемдесу орталығы" ЖШС - 500 млн.теңге, оның ішінде 280 млн.теңгені екі мемлекетте бас өкілеттіктерін ашуға, 220 млн.теңгені мемлекет туралы ақпараттық-имиджтік саясатты жүзеге асыруға қажет материалды-техникалық базаны жақсартуға сұрап отыр.

"Қазына" АҚ-ын қосқанда барлық даму институттарын қаржыландырудың жалпы сомасы парламентте қарастырылып жатқан "2007-жылға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасына қамтылған.

Осы уақытқа дейін "Қазына" қоры құрылымдарының қатысуымен жүзеге асқан жобалардың шикізаттық емес сектордағы құны $3,6 млрд құрады, оның ішінде 136 жобаны жүзеге асыруға бағытталған даму институттарының қаржыландыру үлесі $1 млрд құрады.

"Қазына" АҚ-ның алдын - ала жасаған бағалауы бойынша шикізаттық емес сектордағы инвестициялық қажеттілік 2007-2009 жлыдарда 10 млрд АҚШ долларын, даму институтарының қатысуымен 3,5 млрд. АҚШ долларын құрайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны