30.10.2007, 14:41 3158

2007 жылғы 14 қараша - ескі үлгідегі банкноталардың айналыста қатар жүруінің соңғы күні

2007 жылғы 14 қараша - ескі үлгідегі банкноталардың айналыста қатар жүруінің соңғы күні.

Алматы. 30 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Банкноталарды ауыстыру қатар жүру кезеңі - 2006 жылғы 15 қарашадан бастап 2007 жылғы 14 қарашаға дейін бір жыл бойы жүзеге асырылады. Осы кезеңде ескі үлгідегі барлық банкноталар заңды төлем құралы болып табылады және номиналы бойынша қабылдауға міндетті, деп хабарладйы агенттік ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 2006 жылғы 15 қарашада жаңа үлгідегі банкноталар айналысқа шығарылды. Бір мезгілде ескі дизайндағы банкноталарды жаңа үлгідегі банкноталарға ауыстыру тәртібі белгіленді.

"2007 жылғы 14 қарашаға дейін банкнотаны төлем құралы ретінде қабылдаудан бас тартуға жол берілмейді. Егер бас тартылса, онда осындай іс-әрекеттер ҚР Икімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 166-1-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық болып табылады. Ұлттық банк пен оның филиалдары мемлекеттік бюджеттің пайдасына 50 айлық көрсеткішке дейін айыппұл салуға уәкілетті",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

"Ескі үлгідегі банкноталарды 2007 жылғы 14 қарашадан кейін барлық екінші деңгейдегі банктерде және Ұлттық банктің барлық филиалдарында 2007 жылғы 15 қараша - 2008 жылғы 14 қараша аралығында тағы бір жыл бойы айырбастауға болады",-делінген банк хабарламасында.

"2008 жылғы 14 қарашадан кейін екінші деңгейдегі банктер заңды және жеке тұлғалардан ескі үлгідегі ақша белгілерін жаңа үлгідегі ақша белгілеріне айырбастау үшін қабылдауға құқылы емес, бірақ ескі үлгідегі банкноталарды одан әрі Ұлттық банктің филиалдарына кейіннен айырбастау үшін сараптамаға өткізу үшін қабылдайды".

Сонымен бңрге, Ұлттық банктің филиалдары 2008 жылғы 15 қарашадан бастап 10 жыл бойы заңды және жеке тұлғалардан ескі үлгідегі ақша белгілерін қабылдайтын болады және олардың түпнұсқалылығы сараптау арқылы анықталғаннан кейін қолданылып жүрген ақша белгілеріне айырбастайды.

"Ескі үлгідегі ақша белгілерін жаңа үлгідегі ақша белгілеріне айырбастаудан бас тарту фактілері туындаған жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіне мына телефондар арқылы +7 (727) 2704 525 және +7 (727) 2704 909, сондай-ақ облыстық филиалдарға хабарласуды сұраймыз",- деп атап көрсеткен баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны