20.03.2007, 12:33 2728

2007 жылғы қаңтарда 2 акционерлік инвестициялық қор мен 11 инвестициялық пай қоры тіркелді

АЛМАТЫ. 20-наурыз. Kazakhstan Today. 2007 жылғы қаңтарда 2 акционерлік инвестициялық қор мен 11 инвестициялық пай қоры тіркелді. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау Агенттігінен хабарлады.

2007 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша бағалы қағаздар рыногындағы қызмет атқарушы инвестициялық пай қорларының саны 97-ге дейін өсті. (78 - жабық, 9 - ашық және 10-аралық).

2007 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша рынокта 16 акционерлік инвестициялық қор жұмыс атқаруда.

2007 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша KASE ресми тізіміне енгізілген ҚР эмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы қағаздары шығарылымдарының саны: "А" санаты бойынша - 225 шығарылым және "В" санаты бойынша - 68 шығарылым.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны