06.06.2007, 15:24 2842

2007 жылғы мамырдың бірінші жартысында еліміздің халықаралық резервтері 1,3% өсті

АЛМАТЫ. 6-маусым. Kazakhstan Today. Елдің халықаралық резервтері жалпы алғанда (ағымдағы бағамен) яғни, Ұлттық қордың ақшасын (алдын-ала деректер бойынша - 17 462,9 млн. долл.) қоса алғанда 1,3% артып, 31-мамырдағы жағдаймен 39 222,3 млн. доллар болды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.

2007 жылғы мамырдың бірінші жартысында Ұлттық банктің халықаралық резервтері 2,3 процентке төмендеді.

Ұлттық банктің таза халықаралық резервтерінің ағымдағы бағасы 4,1 % (немесе 914,7 млн. долл.) төмендеді.

Ішкі валюта нарығында валютаның сатылуы, екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық банктегі шетел валютасымен корреспонденттік шоттарындағы қалдықтардың төмендеуі, сондай-ақ Қаржы министрлігінің сыртқы борышына қызмет көрсету және Ұлттық қордың активтерін толықтыру бойынша операциялардың жүргізілуі, үкіметтің шотына валютаның түсуіне қарамастан таза валюта қорларының (СКВ) 493,5 млн. долларға төмендеуіне әкелді. Алтын түріндегі активтер әлемдік нарықтардағы бағасының 3,16 % төмендеуі нәтижесінде 14,2 млн. долларға азайды.

Тұрақты бағамен Ұлттық банктің таза халықаралық резервтері 2,1%, еркін айналмалы валюта түріндегі таза активтер - 2,4 % төмендеді, алтын түріндегі активтер 2,3% өсті.

2007 жылғы мамырдың бірінші жартысында Ұлттық банктің таза халықаралық резервтерінің өсуі ақша базасының 4,5 % (немесе 68,3 млрд. теңгеге) ұлғаюына себепші болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны