08.05.2007, 17:36 2736

2007 жылғы сәуірде теңге 0,3 пайызға, жыл басынан бері - 5,4 пайызға нығайды

АЛМАТЫ. 8-мамыр. Kazakhstan Today. 2007 жылғы сәуірде теңге 0,3 пайызға, жыл басынан бері - 5,4 пайызға нығайды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бір айдың ішінде теңгенің АҚШ долларына қатысты бағамы 1 доллар үшін 120,02 теңге - 123,84 теңге ауқымында өзгерді.

Сәуірде Қазақстан Қор биржасындағы биржалық операциялардың көлемі қосалқы сауда-саттықтағы мәмілелерді есепке алғанда наурыздағымен салыстырғанда 17,3 пайызға ұлғайды және 5,3 млрд. АҚШ долларын құрады (жыл басынан бері - 20,2 млрд. долл.). Биржадан тыс валюта нарығында операциялардың көлемі 29 пайызға ұлғайды және 14,8 млрд. АҚШ долларын құрады (жыл басынан бері - 45,7 млрд. долл.).

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны