08.05.2007, 17:53 3025

2007 жылғы сәуірде Ұлттық банктің ноттарының эмиссиясының көлемі 2,2 есе азайды

АЛМАТЫ. 8-мамыр. Kazakhstan Today. 2007 жылғы сәуірде Ұлттық банктің ноттарының эмиссиясының көлемі 2007 жылғы наурызбен салыстырғанда 2,2 есе, 389,3 млрд. теңгеге дейін төмендеді. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігіне Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.

Қысқа мерзімді ноттардың кірістілігі наурызда 5,68%-дан бастап сәуірде 5,39%-ға дейін төмендеді. Бұл ретте "дұрыс" қисық кірістілік сақталады, онда айналыстың анағұрлым ұзақ мерзімдері бар ноталар анағұрлым жоғары кірістілікке ие (2-график).

Есептік кезеңде Ұлттық банктің ноттарына сыйақы төлемдері 439,0 млрд. теңгені құрады.

2007 жылғы сәуірдің аяғында айналыстағы ноталардың көлемі наурыз айымен салыстырғанда 5,8% азайып 789,3 млрд. теңге болды.

Сондай-ақ есептік кезеңде 2,0 млрд. теңге сомаға Қаржы министрлігінің бағалы қағаздарын сатып алу бойынша операциялар және 84,0 млрд. теңге сомаға кері репо операциялары жүргізілді. Қаржы министрлігінің бағалы қағаздарын сату бойынша операциялар және репо операциялары жүргізілмеді.

2007 жылғы сәуірде Қаржы министрлігі 9,6 млрд. теңге сомаға 8 жылдық МЕУЖКАМ-ды орналастырды. Орналастырылған бағалы қағаздар бойынша тиімді кірістілік 6,64% болды.

Бұл ретте мемлекеттік бағалы қағаздарды өтеу 2007 жылғы сәуірде пайыздық төлемдер бойынша ғана жүргізілді және 1,2 млрд. теңге болды. Нәтижесінде Қаржы министрлігінің бағалы қағаздарының көлемі сәуірдің аяғында өткен аймен салыстырғанда 2,5% ұлғайып, 393,2 млрд. теңге болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны