31.07.2007, 16:32 6578

2007 жылы Чехия Қазақстанға шығарылатын экспорт көлемін 120 млн долларға дейін ұлғайтпақшы

АЛМАТЫ. 31 шілде. Kazakhstan Today. 2007 жылы Чехия Қазақстанға шығарылатын экспорт көлемін 120 млн долларға дейін ұлғайтпақшы. Бұл туралы Чехия Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Милан Седлачек бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

М. Седлачектің айтуынша, 2006 жылы Чехиядан Қазақстанға шығарылған экспорт көлемі 109,7 млн долларды, ал 2005 жылы - 93,9 млн долларды құрап, 16,9%-ке өсті. Ал Қазақстаннан Чехияға келетін импорт 72,8%-ке, 2005-жылғы 168,6 млн доллардан 2006-жылы 291,3 млн долларға дейін өсті. Сөйтіп, Чехия мен Қазақстан арасындағы сыртқы сауданың кері сальдосы 2006 жылы 181,6 млн долларды құрады.

2007 жылдың қаңтар-мамыр айларында Чехиядан Қазақстанға шығарылған экспорт көлемі 57,1 млн доллар болып, өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда ($38,6 млн) 47,9%-ке артты.

Қазақстаннан алынған импорт 2007 жылдың алғашқы бес айында 61,4%-ке азайып, 84,4 млн долларды құрады, ал өткен жылғы осы мерзімде ол 137,6 млн долларға жеткен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны