06.12.2007, 18:09 3872

2007 жылы "Химфарм"АҚ өндірген өнім мөлшері 25%-ға өсті

2007 жылы "Химфарм"АҚ өндірген өнім мөлшері 25%-ға өсті

Шымкент. 6 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - 2007 жылы "Химфарм"АҚ өндірген өнім мөлшері 25%-ға өсті. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында "Химфарм" АҚ-ның бас директоры Сыздық Баймұханов мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Оның ақпаратына сәйкес, "11 айда сату көлемі 4 млрд теңгені құрады және 2007 жылдың аяғына дейін АҚ 4,2 - 4,3 млрд теңге деңгейіне көтерілмекші, бұл былтырғымен салыстырғанда іс жүзінде 1 млрд теңгеге артық".

"Экспорттық сауда көлемі де 25%-ға өсті. Биыл 11 айдың қорытындысы бойынша алыс және жақын шетелдерге 700 млн жуық теңгенің тауары жіберілді", -деді бас директор.

Сыздық Баймұхановтың нақтылауынша, "Химфарм" АҚ "24 фармакологиялық топқа жататын дженерик және бірегей дәрілік препараттардың 200 түрін шығарады. Зауытта таблеткалар, капсулалар, шприц және вакуумды толтырылған ампулалардағы инъекциялық сұйықтықтар түрінде дәрі-дәрмектер, бальзамдар, тұнбалар мен басқа да дәрілер өндіретін төрт негізгі цехтан тұрады".

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2006 жылы "Химфарм"АҚ 3,25 млрд теңгенің ($26 млн) өнімдерін сатты.

"Химфарм" АҚ басшылығының пікірінше, кәсіпорын өнімдері Болгария, Ресей, Украина, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан елдеріне шығарылады. "Осы елдерге шығарылатын экспорт көлемін ұлғайтумен бірге біздің препараттарды Монголияда, Румынида, Молдавияда, Ауғанстанда, Түркіменстанда тіркеу жүргізіліп жатыр", -деді С. Баймұханов.

"Химфарм" АҚ-ның баспасөз орталығы келтірген мәліметтерге сәйкес, кәсіпорынның үлесіне Қазақстанда өндірілетін барлық дәрі-дәрмектердің 65% астамы тиесілі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны