17.01.2007, 17:16 2837

2007 жылы Қазақстандағы астық 2006 жылғыдан кем болмайды - ҚР ауылшаруашылығы министрлігі

АСТАНА. 17-қаңтар. Kazakhstan Today. 2007 жылы Қазақстандағы астық түсімі 2006 жылғыдан кем болмайды. Бүгін Қазақстан Республикасының ауылшаруашылығы министрлігінің алқа мәжілісінде сөз алған ауылшаруашылығы министрлігінің егін шаруашылығы департаментінің бастығы Анна Буць осылай деп мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Негізгі астықты аймақ - солтүстік өңірдегі күзгі ылғалдылық пен қардың қалың түсуіне қарағанда, біз түсім 2006 жылғыдан кем болмайды деп үміттенеміз",- деді ол.

"Біз 2006 жылы экспортқа 6,2 млн. тонна астық, соның ішінде 1,6 млн. тонна астық эквивалентімен есептелген ұн шығардық",- деді ол. 2005 жылы Қазақстан 2 млн. тонна астық, соның ішінде 1,3 млн. тонна астық эквивалентімен есептелген ұн экспорттаған. "Нақты экспорт екі есеге өсті",- деді ол.

Қазақстандағы 2006 жылғы астықтың бункерлік салмағы 18,5 млн. тоннаны, ал өңдеуден кейін 16,2 млн. тоннаны құраған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны