24.01.2007, 15:02 2973

2007 жылы Қазақстанның кәсіпкерлер форумы республикамыздағы темір жол тасымалының проблемаларына қатысты мониторинг жүргізбек

АСТАНА. 24-қаңтар. Kazakhstan Today. Үстіміздегі жылы Қазақстанның кәсіпкерлер форумы (ҚКФ) республикамыздағы темір жол тасымалының проблемалары жөнінде мониторинг жүргізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгін 2006 жылғы форум қызметінің қорытындысына арналған баспасөз мәслихатында ҚКФ-ның атқарушы директоры София Айсағалиева мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Сонымен қатар, С. Айсағалиева өткен жылы Қазақстанның кәсіпкерлер форумы республиканың транзиттік дәліздеріне мониторинг жүргізгендігін атап өтті. "Осы күнге дейін Қазақстан - Ресей федерациясының шекарасы, Қорғас - Бішкек, Қорғас - Ташкент арасындағы транзиттік автомобильдік көлік дәліздеріне мониторинг жүргізілген. Сонымен қатар Қырғызстан мен Тәжікстанда көлік дәліздеріне мониторинг жүргізілді",- деді ол.

Қазақстанның кәсіпкерлер форумының 2006 жылғы қызметін қорытындылаған есептегі зерттеудің нәтижелерінде көрсетілгендей,"көлік құралдарының шекарада бөгелетін жалпы уақытының 4 пайызы ғана тікелей кедендік рәсімдеуге кетеді. Ал қалған уақыт шекарадағы басқа қызметтердің іс-қызметіне байланысты",- деп айтылған.

Сондай-ақ, "Қорғас - Бішкек дәлізіндегі көліктердің нақты жылдамдығы сағатына 16 шақырым болса, Қорғас - Ташкент дәлізінде сағатына 23 шақырымды құрап отыр". Ал, зерттеуге сәйкес Қазақстанның өз ішінде көліктер ең көп тексерілетін аралық - Қорғас - Алматы бағыты, бұл бөлікте жиі тексеруге шығатын көлік бақылауы көліктердің көп бөгелуіне себеп.

Мониторингіге жүргізушілерден сұхбат алу, бақылаушылардың көлік дәліздері арқылы жүріп өтуі, сыртқы экономикалық алыс-беріске қатысушылар мен кедендік брокерлерге сауалнама жүргізу, уақытша сақтау қоймасына мониторинг жүргізу қамтылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны