15.12.2006, 10:41 2942

2007 жылы Қырғызстан Өзбекстаннан 850 млн. текше метр газды 1 мың текше метрін 100 долларға сатып алады

БІШКЕК. 15 желтоқсан. Kazakhstan Today. Келесі жылы Қырғызстан Өзбекстаннан 850 млн. текше метр газды 1 мың текше метрін 100 доллардан сатып алады. Бұл туралы кеше баспасөз мәслихатында Қырғызстан республикасының бірінші вице-премьері Данияр Үсенов мәлімдеді.

Д. Үсеновтың айтуынша, келісімге 13 желтоқсан күні Қырғызстанның үкіметтік делегациясы Ташкентке іс сапары барысында қол жеткізен. Делегация құрамында Д. Үсеновтан өзге Қырғызстанның өндіріс, сауда,туризм министрі Медетбек Керімқұлов, "Қырғызстанның ұлттық электр жүйесі" кәсіпорнының бас директоры Салайдін Авазов, "Электр стансалары" ААҚ мен "Қырғызгаз" АҚ бас директоры Игорь Чудиновтар болды.

Д. Үсеновтың айтуынша, келіссөздер нәтижесінде екі жақ Қырғызстанға 2007 жылы 850 млн. текше метр көлемде газ жеткізу туралы келісім- шартқа қол жеткізген. Оның 143 млн. текше метрін "Электр стансалары" ААҚ, ал 707 млн. текше метрін "Қыргызгаз" АҚ алатын болып келісілді.

Қырғызстаның бірінші вице-министрі Д.Үсеновтың айтуынша, "Қырғызгаз" АҚ мен "Узтрансгаз" АҚ 30 млн. текше метр газды 2006 жылдың аяғына дейін 1 мың текше метрін 55 долларға жеткізу туралы келісімге келген.

Бұл Өзбекстан президентінің жақсы ниеті арқасында болды, өйткені Өзбекстан биылғы қараша айында өзге тұтынушыларға басқа тарифтер белгілеген болатын,-деп түсіндірді Үсенов.

Үсеновтың айтуынша, "Өзбекэнерго" МАҚ, "Электр желілері" ААҚ, "Узтрасгаз" АҚ 1,3 млрд. кВт электр жарығын 0,011 /1,1 цент/бағамен ирригациялық мерзімде /2007 жылдың 20 мамырынан- 10 қыркүйекке дейінгі аралықта/жеткізу туралы өзара үш жақты келісімге қол жеткізді.

"Бұған дейін өзбек жағы бізден электр жарығын мүлдем сатып алмайтын, біз шындығына келгенде суды көршімізге тегін беретінбіз,- деді Д. Үсенов.

Оның ойынша, кешегі келіссөздер нәтижесінде Қырғызстан мен Өзбекстанның үкіметаралық делегациялары ұтымды қадам жасады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны