22.01.2007, 13:44 2665

2007 жылы мемлекет жеміс-көкөніс өнімдерін өндірушілерді қолдайды

ШЫМКЕНТ. 22-қаңтар. Kazakhstan Today. 2007 жылы көкөніс өндірушілер, бағбандар мен жүзім және жеміс-жидек өсіретін фермерлік шаруашылықтарды жанармаймен және минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз ету қаржыландырылады. Бұл туралы кеше Шымкентте өткен "Су ресурстарын тиімді пайдалану және бағбаншылық, жүзім өсіру және жылыжай шаруашылығын дамыту" атты семинар-кеңесте талқыланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Мемлекет жеміс-көкөніс өнімдерін өндірушілерді қолдау міндетін өзіне алады",- деді республиканың ауылшаруашылық министрі Ахметжан Есімов. (Бұрын мемлекет астық және мақта шаруашылығын қаржыландырған). Министрдің сөзіне сүйенсек, қазіргі уақытта көкөніс, жеміс-жидектер мен жүзімнің бір гектарына төленетін қаржы көлемі есептелуде.

Сонымен қатар, министр қолданылып отырған лизинг бағдарламасы бау-бақшалар мен жүзімдіктерді, көкөністерді өңдеуге арналған арнайы техникаларды алуға да қолданылады. "Мұндай техниканы осы жылдың басынан бастап арнайы бағдарлама бойынша сатып алуға болады. Бағдарламада жылына 4 пайызбен жеті жылға алу қарастырылған", - деді А. Есімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны