29.02.2008, 18:26 3343

2007 жылы орман-тоғайларға бақылау күшейтіліп өрт пен ағашты заңсыз кесу бірнеше есеге азайған - ҚР Ауыл шаруашылығы министрі

2007 жылы орман-тоғайларға бақылау күшейтіліп өрт пен ағашты заңсыз кесу бірнеше есеге азайған - ҚР Ауыл шаруашылығы министрі

Астана. 29 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - 2007 жылы орман-тоғайларға бақылау күшейтіліп өрт пен ағашты заңсыз кесу бірнеше есеге азайған. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің былтырғы жылы атқарған жұмыстарын қортындылауға арналған жиналысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі А.Есімов айтты, деп хабарлайды агенттік тілшісі мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ахметжан Есімовтің айтуынша, "жалпы орман және аңшылық шаруашылығы саласы үшін өткен жыл жаман болған жоқ. Орман-тоғайларға бақылау күшейтіліп өрт пен ағашты заңсыз кесу 2006 жылмен салыстырғанда бірнеше есеге азайған". "Облыстық әкімшіліктерге қарасты мемлекеттік орман шаруашылықтарының өрт сөндіру қызметінің де жұмысына жан біте бастады. "Жасыл ел" бағдарламасы аясында ағаш отырғызу шаралары белсенді жүргізілді"-деп атап өтті ол.

Сонымен қатар министр "Жануарлар әлемін қорғау өсімін молайту саласында да жағымды жаңалықтар бар. Аңшылық шаруашылық жүргізілетін алқаптың 45,2 пайызы ұзақ мерзімге бекітіліп берілген. Соның арқасында сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарлардың басы көбейіп келе жатыр. Оның ішінде бетпақдаланы мекендеген киіктердің саны 54,8 мыңға жетті" -деп мәлімдеді.

Орман кодексінің талаптарына сәйкес орманды ұзақ мерзімге пайдаланушылар мен жеке орман қорын құру институты дамып келе жатыр. Соңғы 4 жылда 993,2 мың гектар орман алқабын ұзақ мерзімге пайдалану үшін 216 келісім жасалды. Былтыр "Жасыл ел" бағдарламасы аясында 41 мың гектар алқапқа ағаш отырғызылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны