13.12.2006, 16:42 3017

2007-жылдың басында Қазақстанда қайта қаржыландыру ставкасы өзгермейді - ҚР Ұлттық банкі (толықтырылған нұсқа)

АЛМАТЫ. 13-желтоқсан. Kazakhstan Today. 2007-жылдың басында Қазақстанда қайта қаржыландыру ставкасы өзгермейді. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада айтылған , деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы" ҚР заңына сәйкес, Ұлттық банк басқармалары 2007-жылдың 1-қаңтарынан бастап ҚР Ұлттық банкінің ресми қайта қаржыландыру ставкасын жылдың 9 процент деңгейінде белгілеуге қаулы шығарды, басқаша айтқанда, өзгеріссіз қалдырылды",- делінген банк хабарламасында.

Қаржы нарығындағы ахуал мен ресми қайта қаржыландыру ставкасына арналған баспасөз мәслихатында Ұлттық банк төрағасы Инуар Сәйденов: "ағымдағы жылы жылдық инфляция түрлі бағытта өзгере келіп нәтижесінде баяулай бастады", деп атап өтті. "2005-жылдың мамыр айы мен 2006-жылғы мамыр айлары аралығында инфляция 7,5%-тен 9%-ке дейін өсе келе қараша айының қорытындысы бойынша 8,4%-ке дейін төмендеді",- деді ол.

И.Сәйденовтың айтуынша, бұл ағым ақша-қарыз саясатын қатайту шараларына, соның ішінде Ұлттық банк операциялары бойынша ставкаларды көбейтуге, сондай-ақ, ең төменгі резервтік талаптарды қатайтуға байланысты болмақ. Оның айтуынша, ағымдағы жылдың басынан бері ресми қайта қаржыландыру ставкасы 8 проценттен 9%-ке дейін, ал банктерден тартылатын салымдар бойынша ставкалар 3,5%-тен 4,5%-ке дейін өсті.

"Соған қарамастан, инфляция деңгейінің төмендеу ағымы тұрақсыз болуы мүмкін. Сол себепті осы кезеңде ақша-қарыз саясатын жеңілдету шараларын қолдану қисынсыз. Осыған байланысты ресми қайта қаржыландыру ставкасы өзгеріссіз қалдырылды",- деді Ұлттық банк басшысы. "Келесі жылдың алғашқы тоқсанында ресми қайта қаржыландыру ставкасын 9 проценттен өзгертпеуге шешім қабылданды. Біздің пайымдауымызша, бұл - инфляцияға қатысты қазір қалыптасып отырған ахуалға лайық",- деді И.Сәйденов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны