07.03.2007, 14:21 3486

2007-жылдың қаңтар-ақпан айларында теңге 2,2%-ға нығайды

АЛМАТЫ. 7-наурыз. Kazakhstan Today. 2007-жылдың қаңтар-ақпан айларында теңге 2,2%-ға нығайды. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Инуар Сәйденов бүгін еліміздің қаржы нарығындағы ахуалға арналған баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Банк басшысының айтуынша, 2007 жылғы ақпанда теңгенің АҚШ долларына қатысы бойынша бағамының өсу үрдісі байқалды.

Бір айдың ішінде теңгенің АҚШ долларына қатысты бағамы 1 доллар үшін 123,20 теңге - 126,25 теңге ауқымында өзгерді. Осы кезең ішінде теңге 1,7% (жыл басынан бері 2,2%-ға) нығайды және ақпанның соңында теңгенің биржалық бағамы бір доллар үшін 124,21 теңгені құрады.

Ақпанда Қазақстан Қор биржасындағы биржалық операциялардың көлемі қосалқы сауда-саттықтағы мәмілелерді есепке алғанда қаңтардағымен салыстырғанда 33,7% азайып, 4,1 млрд. АҚШ долл. құрады (жыл басынан бері -10,4 млрд. долл.).

Биржадан тыс валюта нарығында операциялардың көлемі 15,9% азайды және 8,9 млрд. АҚШ долл. құрады (жыл басынан бері - 5,3 млрд. долл.).

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны