06.06.2007, 15:30 2965

2007-жылдың маусымында Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының шоттарындағы конвертациялауға жататын ұлттық валютадағы қаржы 30,2 млрд. теңге болды

АЛМАТЫ. 6-маусым. Kazakhstan Today. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының шоттарындағы конвертациялауға жататын ұлттық валютадағы қаржы 2007 жылғы маусымда 30,2 млрд. теңге болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі Ұлттық банктің хабарламасына сілтеме жасап.

Қордың активтерін конвертациялау және қайта конвертациялау ережесіне сәйкес Ұлттық банк қордың ақшасын одан әрі инвестициялау мақсатында 2007 жылғы маусымда ішінде осы соманы рұқсат етілген құралдарға конвертациялауды жүзеге асырады. Конвертация Ұлттық банктің шетел валютасындағы алтын-валюта активтерінен немесе шетел валютасындағы қаржы құралдарынан Ұлттық банктің операция жүргізілген немесе операция жүргізу сәтінде қалыптасқан бағам бойынша ішкі валюта нарығында теңгемен шетел валютасын сатып алған күнгі ресми бағамы бойынша сату арқылы жүзеге асырылады.

Бұл ретте қорға теңгемен түскен түсімдер қордан кепілдік берілген трансферттің бекітілген көлеміне сәйкес ағымдағы айдың соңында немесе келесі айдың басында жүзеге асырылатын кепілдік берілген трансферттер түріндегі шығыстары үшін жеткілікті соманы жинақтағанға дейін бір айдың ішінде конвертацияланбайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны