19.09.2006, 10:49 2657

"2007-жылға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасын парламент 13 және 16-қарашада екі оқылымда қарайды

АСТАНА. 19-қыркүйек. Kazakhstan Today. "2007-жылға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасын парламент 13-қарашада алғашқы, ал 16-қарашада екінші оқылымда қарайды. Мәжілістің қаржф және бюджет жөніндегі комитетінің жоспар-кестесінде осындай мерзім көрсетілген, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Бұған дейін "2007-жылға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасын парламентте алғашқы және екінші оқылымда қарауға бағытталған палаталардың бірлескен отырысы 21 және 27-қарашаға белгіленген болатын.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2007-жылға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасын үкімет 24-тамызда мақұлдады. Құжатқа сәйкес, Жалпы ішкі өнім 11 трлн. 880 млрд. теңге көлемінде болжанып отыр. Бұл ағымдағы жылғыдан 8,6 процент артық. Тұтыным бағаларының индексі жылына орта есеппен 5-7 процент, теңге бағамы бір долларға шаққанда 116 теңге болмақ.

2007-жылғы республикалық бюджет түсімдері 1 трлн. 982 млрд. теңге, немесе, Жалпы ішкі өнімнің 16,7 процентіне тең; шығындар 2 трлн. 17 млрд. теңге, республикалық бюджеттің тапшылығы 133,1 млрд. теңге немесе Жалпы ішкі өнімнің 1,1 процентіне тең болмақ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны